«Әсем» ясли- бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тарихы.
Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылы «Әсем» ясли- бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Балапан» бағдарламасы аясында 2010 жылдың 19 маусым айында ашылған. Ескі интернат ғимаратын ясли-бақшаға бейімдеп, жөндеп 75 орынға арналған, 3 топ болды. Ясли – бақша ашылған кезде Қойлыбаева Кулшат меңгеруші болып қызмет атқарды. 2011 жылдан бастап ясли- бақша меңгерушісі болып Дюсенбаева Тоғжан Мұратқызы жұмыс істеп келеді. 2015 жылдың қазан айында ерте жас тобы ашылды. Қазіргі таңда төрт топта 80 бала тәрбиеленуде.
Ясли -бақшада 34 қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде 14 педагог қызметкерлер 5 педагог жоғары білімді, 9 педагог арнаулы орта білімді. Педагог мамандарымыздың басым көпшілігі жас мамандар (орташа жас мөлшері – 32). Жоғары санатты 1 педагог, екінші санатты 9 педагог. 2019-2020 оқу жылында 13 педагог біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Ясли -бақшада оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестендірілген Білім және ғылым министрлігімен бекітілген «Алғашқы қадам», «Зерек бала» бағдарламалары бойынша жүргізіледі.Бағдарламалар мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық» білім беру салаларынан тұрады.
Жылдар көлемінде ата-аналар мен ясли -бақша ынтымақтастығын арттыру үшін көптеген жұмыс жүргізілді. Атап айтар болсақ, ата-аналар жиналысын дәстүрлі емес формада, мысалы, «Кешкі шай» түрінде өткіздік. Спорттық, мерекелік шараларға да ата-аналарды жиі жұмылдырамыз. Осы тұста ата-аналармен бірлесе өткізілген «Армысың, әз Наурыз!» атты топтарды мерекелік безендіру сайысын, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы «Әкем, шешем және мен» спорттық сайысы, «Ең үздік серуен алаңы» байқауын атап өтуге тұрарлық. Аудандық «Әнші балапан» атты ән байқауында II-орынды балабақшамыздың балғын тәрбиеленушілері жеңіп алды.
2014 жылы аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Күз ханшайымы» байқауында бүлдіршіндер жүлдегер атанды.
2016 жылы Республикалық білімқұмар балаларға арналған «Үркер» зияткерлік марафон сайысына қатысып мақтау қағаз, сертификат алды.
2017 жылы «Менің балабақшам-менің мақтанышым» атты онлайын байқауына қатысып II орынды иеленді.
2018 жылы облыстық «Балапан» зияткерлік турнирінде балаларымыз ІІ,ІІІ орындарға ие болды.
2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткен онлайн байқауларға қатысып бүлдіршіндер жүлдегер атанып, диплом және мақтау қағаздарымен марапатталды. Расында да ата-аналар ясли-бақша аумағын көгалдандыруға атсалысады.
«Балапан» бағдарламасы аясында жұмыс атқаратын ясли-бақша болғандықтан мекеме республикалық бюджет есебінен жүргізіледі. Жұмыс атқарған 10 жыл көлемінде ясли -бақшаның материалдық-техникалық базасы нығайтылды. 2015 жылы «Алматы кітап» баспасынан 2 жастан 5 жасқа дейінгі төрт жас ерекшелігі бойынша әр балаға жұмыс дәптері, үлестірмелі материал, демонстрациялық материал, педагогтарға арналған әдістемелік нұсқаулықтар сатып алынады.
Әрине, басты мәселе мамандардың сапалылылығына қатысты екені сөзсіз. Бұл орайда, тәрбиешілер Шығыс Қазақстан «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында біліктілігін арттыру курстарынан өтуде, облыстық, қалалық, ясли-бақшаішілік семинарларға жиі қатысуда.
Педагог мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруда ясли-бақшада үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Ең алдымен педагог-психологтың көмегімен тренингтер, тестілеу, сауалнама жүргізу арқылы, сондай-ақ бақылау барысында педагогтарды кәсіби деңгейіне диагностика жасалынды.Қазіргі таңда біздің білім беру мекемесінде әдістемелік жұмыстың төмендегідей белсенді нәтижелі формалары қолданылады.
Мекемедегі дене шынықтыру-сауықтыру қызметі «Алғашқы қадам», «Зерек бала», бағдарламалары негізінде ұйымдастырылады. Ясли-бақшадағы дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының «Денсаулық» білім беру саласына және бағдарламаларға сәйкес келеді. Мекемеде балалардың денсаулығын нығайту мен жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстың мақсатын, міндетін, құралын, түрі мен әдісін біріктірген дене тәрбиесінің жүйесі жолға қойылған. Дене шынықтыру сабақтары әр жас ерекшеліктері бойынша аптасына 3 рет жүргізіледі. Ауа райының қолайлы күндері дене шынықтыру сабақтары, таңғы жаттығу таза ауада, яғни ясли-бақшаның спорт алаңында өткізу дәстүрі қалыптасқан.
Сондай-ақ вариативті компонент ретінде «Сиқырлы қалам» сабағы енгізілген, орта тобында екі аптада 1 рет өткізіледі.
Ясли-бақшаның материалдық-техникалық базасы педагогикалық талаптарға, заманауи білім беру деңгейіне және санитарлық нормаларға сай жабдықталған. Ясли-бақшада балалардың психо-физикалық, эстетикалық, танымдық, сондай-ақ әлеуметтік дамуына қолайлы жағдай жасалған. Мектепке дейінгі мекемеде: дене шынықтыру мен музыка залы, педагог-психологтың бөлмелері, спорт, серуен алаңы бар. Жас ерекшелік топтарында балалардың ұйымдасқан оқу іс-әрекеттеріне, ойын мен өзіндік іс-әрекетпен шұғылдануына толық жағдай қарастырылған. Барлық топтар балалармен түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жас ерекшеліктері мен санитарлық-гигиеналық талаптарға, сондай-ақ қазіргі заман талабына сай ойындармен, ойыншықтармен, ыңғайлы да әсем жиһазбен жабдықталған.
2020 жылы « DK Enerdy» ЖШС мердігер Дархан Шотабаев пен «Әсем» ясли-бақша коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі Тоғжан Дюсенбаева Мұратқызымен екі жақты келісім шарт жасалып, 23 милион 698 мыңға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Ясли-бақша ғимаратының барлық есік-терезелері ауыстырылды, төбесі жөнделді, ғимарат қоршалып, ойнын алаңы жөнделіп, кәріз жүйесі ауыстырылды. «Әсем» ясли-бақшасы қазіргі заман талабына сай материалдық –техникалық базамен толық қамтылған. Бүлдіршіндердің толық жан-жақты өсіп-жетілуіне барлық жағдай жасалған.
Меңгеруші Дюсенбаева Тоғжан Мұратқызы тел: раб 87234623327
Тел:мобл 87759833271