25 Қар 2020
Страницы KZ КГКП ясли сад «Асем»

Біз туралы

 

«Әсем»  ясли- бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының     тарихы.

 

Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылы  «Әсем»  ясли- бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  «Балапан» бағдарламасы аясында   2010 жылдың 19 маусым айында ашылған. Ескі интернат ғимаратын ясли-бақшаға бейімдеп, жөндеп 75 орынға арналған, 3 топ болды. Ясли – бақша ашылған кезде  Қойлыбаева Кулшат меңгеруші болып қызмет атқарды.   2011 жылдан бастап ясли- бақша меңгерушісі болып  Дюсенбаева Тоғжан Мұратқызы жұмыс істеп келеді. 2015 жылдың қазан айында  ерте жас тобы ашылды. Қазіргі таңда төрт топта  80 бала тәрбиеленуде.

 Ясли -бақшада 34 қызметкер жұмыс жа­сай­ды, оның ішінде 14 педагог қызметкерлер 5 педагог жоғары білімді, 9 педагог арнаулы ор­та білімді.   Педагог ма­ман­дарымыздың басым көпшілігі жас ма­ман­дар (орташа жас мөлшері – 32). Жоғары са­нат­ты 1 педагог, екінші санатты 9 педагог. 2019-2020 оқу жылында 13 педагог біліктілігін арт­­тыру курсынан өтті. 

 Ясли -бақшада оқу-тәр­бие жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті бі­лім беру стандартына сәйкестендірілген Білім және ғылым министрлігімен бекітілген «Алғашқы қадам», «Зерек бала»  бағдарламалары  бойынша жүргізіледі.Бағдарламалар мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған «Денсаулық», «Қа­тынас», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Шы­ғар­машылық» білім беру салаларынан тұра­ды.

  Жылдар көлемінде ата-аналар мен ясли -­бақ­ша ынтымақтастығын арттыру үшін көп­теген жұмыс жүргізілді. Атап айтар болсақ, ата-аналар жиналысын дәстүрлі емес фор­мада, мысалы, «Кешкі шай» түрінде өткіздік. Спорт­тық, мерекелік шараларға да ата-ана­ларды жиі жұмылдырамыз. Осы тұста ата-аналармен бірлесе өткізілген «Армысың, әз Наурыз!» атты топтарды мерекелік безендіру сайысын,  салауатты өмір салтын насихаттау мақ­сатындағы «Әкем, шешем және мен» спорт­тық сайысы, «Ең үздік серуен алаңы» бай­қауын  атап өтуге тұрарлық. Аудандық «Әнші балапан» атты ән байқауында II-орынды балабақшамыздың балғын тәрбиеленушілері жеңіп алды.

2014   жылы аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Күз ханшайымы» байқауында бүлдіршіндер жүлдегер атанды.

2016 жылы Республикалық білімқұмар балаларға арналған «Үркер» зияткерлік марафон сайысына қатысып мақтау қағаз, сертификат алды.

2017 жылы «Менің балабақшам-менің мақтанышым» атты онлайын байқауына қатысып II орынды иеленді.

2018 жылы облыстық «Балапан» зияткерлік турнирінде балаларымыз ІІ,ІІІ орындарға ие болды.

2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткен онлайн байқауларға қатысып бүлдіршіндер жүлдегер атанып, диплом және мақтау қағаздарымен марапатталды. Расында да ата-аналар ясли-бақша аума­ғын көгалдандыруға атсалысады.
«Балапан» бағдарламасы аясында жұмыс атқаратын ясли-бақша болғандықтан мекеме республикалық бюджет есебінен жүргізіледі. Жұмыс атқарған 10 жыл көлемінде ясли -бақ­ша­ның материалдық-техникалық базасы ны­ғайтылды. 2015 жылы «Алматы кітап» бас­пасынан 2 жастан 5 жасқа дейінгі төрт жас ерек­шелігі бойынша әр балаға жұмыс дәптері, үлес­тірмелі материал, демонстрациялық ма­териал, педагогтарға арналған әдістемелік нұс­қаулықтар сатып алынады. 
Әрине, басты мәселе мамандардың сапа­лылылығына қатысты екені сөзсіз. Бұл орайда, тәрбиешілер Шығыс Қазақстан   «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойын­ша педагогикалық қызметкерлердің білік­тілігін арттыру институтында біліктілігін арт­тыру курстарынан өтуде, облыстық, қала­лық, ясли-бақшаішілік семинарларға жиі  қа­тысуда.
Педагог мамандардың кәсіби шеберлігін арт­тыруда ясли-бақшада үлкен жұмыс атқа­ры­лып жатыр. Ең алдымен педагог-психологтың кө­мегімен тренингтер, тестілеу, сауалнама жүр­гізу арқылы, сондай-ақ бақылау бары­сын­да педагогтарды кәсіби деңгейіне диагностика жа­салынды.Қазіргі таңда біздің білім беру ме­кемесінде әдістемелік жұмыстың төмен­де­гідей белсенді нәтижелі формалары қолда­ны­лады. 
Мекемедегі дене шынықтыру-сауықтыру қыз­меті «Алғашқы қадам», «Зерек бала»,   бағдарламалары негізінде ұйымдастырылады. Ясли-бақшадағы дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдас­тыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының «Денсаулық» білім беру сала­сына және бағдарламаларға сәйкес келеді. Ме­кемеде балалардың денсаулығын нығайту мен жан-жақты дамуына бағытталған жұмыс­тың мақсатын, міндетін, құралын, түрі мен әдісін біріктірген дене тәрбиесінің жүйесі жолға қойылған. Дене шынықтыру сабақтары әр жас ерекшеліктері бойынша аптасына 3 рет жүргізіледі. Ауа райының қолайлы күндері дене шынықтыру сабақтары, таңғы жаттығу  таза ауада, яғни ясли-бақшаның спорт алаңында өткізу дәстүрі қалыптасқан. 
Сондай-ақ вариативті компонент ретінде «Сиқырлы қалам» сабағы енгізілген, орта тобында екі  ап­тада 1 рет  өткізіледі. 
          Ясли-бақшаның материалдық-тех­ника­лық базасы педагогикалық талаптарға, за­манауи білім беру деңгейіне және сани­тарлық  нормаларға сай жабдықталған. Ясли-бақшада балалардың  психо-физикалық, эстетикалық, танымдық, сондай-ақ әлеуметтік дамуына қо­лайлы жағдай жасалған. Мектепке дейінгі ме­кемеде: дене шынықтыру мен музыка залы,   педагог-психологтың бөлмелері, спорт, серуен алаңы бар. Жас ерекшелік топта­рын­да балалардың ұйымдасқан оқу іс-әре­кеттеріне, ойын мен өзіндік іс-әрекетпен шұ­ғылдануына толық жағдай қарастырылған. Барлық топтар балалармен түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жас ерек­шеліктері мен санитарлық-гигиеналық та­лап­тарға, сондай-ақ қазіргі заман талабына сай ойындармен, ойыншықтармен, ыңғайлы да әсем жиһазбен жабдықталған.

2020 жылы  « DK Enerdy»  ЖШС  мердігер  Дархан Шотабаев пен  «Әсем» ясли-бақша  комму­нал­дық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны­ның меңгерушісі  Тоғжан Дюсенбаева Мұратқызымен екі жақты келісім шарт жасалып,  23 милион 698 мыңға  ағымдағы  жөндеу  жүргізілді. Ясли-бақша  ғимаратының  барлық  есік-терезелері ауыстырылды, төбесі жөнделді, ғимарат қоршалып, ойнын алаңы жөнделіп, кәріз жүйесі ауыстырылды.  «Әсем» ясли-бақшасы қазіргі заман талабына сай материалдық –техникалық базамен толық қамтылған. Бүлдіршіндердің толық жан-жақты өсіп-жетілуіне барлық жағдай жасалған.                                                                                                                                                    

Меңгеруші           Дюсенбаева  Тоғжан Мұратқызы тел: раб  87234623327

                                                                                       Тел:мобл  87759833271
         

Пайдалы ақпараттық ресурстар